{metadescription}
Алатау баурайында көшкін жүру қаупі сейілді
Алатау баурайында көшкін жүру қаупі сейілді

Алатау баурайында көшкін жүру қаупі сейілді

Алатау баурайында көшкін жүру қаупі сейілді. «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері алдын алу жұмыстарын «Шымбұлақ» тау-шаңғы демалыс орнында жүргізген. Дәл осы курорт орналасқан Кіші Алматы шатқалында жалпы көлемі 1500 текше метр қар төмен түсіріліпті.

Кеңесжан Омарханұлы, «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласы бөлім басшысының орынбасары:

- Бұл келушілер мен спортшылардың өміріне қаупті жағдайды сейілту үшін жүргізіледі. «Қазгидромет» мекемесінің ұсынысымен осындай жұмыс жүргіземіз. «Шымбұлақта» өз мамандары бар. Барлығын бақылап, қарап отыратын. Солардың қадағалауымен толық демалуға болады. Қазір қар көшкінінің қаупі жоқ.

Демалушыларға алаңдауға еш негіз жоқ екенін «Қазгидромет» пен «Шымбұлақ» тау-шаңғы демалыс орнының құтқару қызметі де растады. Туристер мен алматылықтар бар болғаны қауіпсіздік ережесін сақтауы тиіс. Егер көшкін жүру қаупі туса, мамандар алдын ала ескертеміз деп отыр.

Іле-Алатауының баурайында қар көшкінінен қауіп келетін жалпы 165 аумақ бар. Бүгінде табиғи апаттың алдын алу мақсатында арнайы бекеттер қойылған. Жарылыстың көмегімен тау шыңындағы ақ ұлпаны төменге сырғыту жиі жүргізіледі. Биыл осындай жолмен көшкін жүруі мүмкін деген 106 аймақтың қары жасанды жолмен көшірілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.