{metadescription}
Ақтөбеде алғашқы меншік иелері бірлестігіне наразылық туды
Ақтөбеде алғашқы меншік иелері бірлестігіне наразылық туды

Ақтөбеде алғашқы меншік иелері бірлестігіне наразылық туды

Ақтөбеде ең бірінші болып меншік иелері бірлестігін құрған үйдің тұрғындары жаңа басқару формасына наразы. Олар құрылыс компаниясы өзінің сыртынан рұқсат алмай, заңсыз әрекет етті деп отыр. Бірлестік құрылғаннан осы күнге дейін бейхабар болғандар үй күтіміне қатысты ақының қымбаттағынан басқа ештеңе өзгермеді деп налиды. Сондықтан жаппай сотқа жүгінген.

Тоғыз қабатты үйдің тұрғындары үш ай бұрын мүліктің меншік иелері бірлестігіне өткенінен бейхабарболған. Оны жақында ғана үйді күтіп ұстауға қатысты түбіртек келгенде біліпті. Тұрғындар үйді басқару формасының өзгеруіне байланысты не басқосу, не қол жиналмағанын айтады. Әділет басқармасына тапсырылған құжат жалған деп отыр.

Ақмарал Нәрікбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Тұрғындардан келісім сұрамай, ғимарат салушымен өздері келісіп, меншік иелері бірлестігін құрып алған. Біздің атымыздан қол қойып алған, оны тұрғындар да, ешкім білмейді.

Заңсыз болса да меншік иелері бірлестігіне өткен үйдің жағдайы үш айдан бері түк өзгермеді дейді тұрғындар. Құрылыс компаниясы әлі күнге дейін кем-кетігін түземепті. Есесіне, үйді күтіп ұстау ақысы өскен.

Дастан Ниязов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Бұл үйде ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Не еден жуушы,не аула сыпырушы жоқ. Техжағдай жасалып жатқан жоқ. Бірақ бүгінгі күнге заңды түрде қағазда әрқайсымызға пәтерге есептегіш қойды. Біз не үшін төлеуіміз керек?

Шенеуніктер тұрғындар келісімінсіз мүліктің меншік иелері бірлестігін құру мүмкін емес деп отыр. Дегенмен осындай басқару формасының тиімді екенін айтады. Өйткені әр үйдің өз есепшоты болады. Оған түскен ақшаны тұрғындар өзі жұмсай  алады. Ал басқарушы ұнамаса, сондағы халықтың өз қолында дейді.

Наурыз Төлемжанов, Ақтөбе қалалсы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:     

- Тұрғындардың көпшілігі, 20 пайызы қайтадан кезектен тыс жиналыс өткізіп, басқарманың жұмысына көңілі толмаса, жиналыста қаралу керек. Тіпті ол кісіні қайта сайлауға да болады.

Қазір Ақөтөбеде мыңнан аса көпқабатты үй болса, соның тек жиырмасының ғана мүлік иелері бірлестігіне өтуге құжаты дайын. Ал қалғандары ерте ме, кеш пе, бәрібір осы басқару формасына өтеді дейді әкімдіктегілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде