Темекі бағасының өсуі сенаторларды алаңдатып отыр
Елімізде темекі қымбаттады. Бағаның өсуіне сенаторлар да алаңдап отыр. Өнім құны бұлай кете берсе, соңы заңсыз саудаға ұласуы мүмкін дейді депутат Сергей Ершов.
Автор: Гүлбағда Қапйратқызы
18.03.2021
Сергей Ершов, Сенат депутаты:
- Әрине, темекі нан емес, ол маңызды өнімге жатпайды. Өзімді темекі шегудің жақтаушысы санамаймын. Алайда бұл біздің азаматтарымыздың белгілі бір бөлігіне қажет. Бір қорап темекінің бағасы өсіп, халықтың табысы бұрынғы деңгейде қалып отырған жағдайда, шығынның одан әрі өсуі заңсыз сауда үлесінің едәуір артуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Депутаттар сапасы күмәнді арзан контрафакті өнімдерді тұтыну азаматтардың денсаулығын құртады, ал денсаулығы нашарлаған адамның емделуіне біраз ақша керек деп атап өтті.
Ресми деректер бойынша, соңғы 10 жылда темекі өніміне қосымша салынған салық 10 есе өскен. Сенаторды қымбаттаған акцизден түскен табыстың қайда кеткені алаңдатып отыр. Ершов Үкіметке бұл ақшаны халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселесін шешуге жұмсау керек деп есептейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!