{metadescription}
Оқытушылар 200-ден 400 мың теңгеге дейін жалақы алады
Оқытушылар 200-ден 400 мың теңгеге дейін жалақы алады

Оқытушылар 200-ден 400 мың теңгеге дейін жалақы алады

Қазақстандық оқытушылардың жалақылары ресми түрде көтерілді. Бүгін білім министрі арнайы бұйрыққа қол қойып, онда мұғалімнің ең төменгі жалақысын 200 мың теңге деп бекітті. Айтып өтейік, айлықтағы өзгеріс тек отандық университеттерге қатысты.

Енді жаңа оқу жылынан бастап оқытушылар біліктілігіне қарай 200-ден 400 мың теңгеге дейін жалақы алады. Оқу орнының әкімшілігі мұғалімдерді қосымша ынталандырып, оларға сыйақы да бере алады. Білім министрлігі университет басшылары шығындарды қайта қарауы үшін бұл бұйрықты әдейі, жарты жыл бұрын жариялап отырғанын алға тартады.

Бір апта бұрын сенаторлар жоғары оқу орындары педагогтерінің орташа жалақысы 120 мың теңге көлемінде және оқытушылардың айлығы ауылдың мұғалімінен қарағанда өте аз екенін айтқан еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде