{metadescription}
ШҚО-да 100-ге жуық елдімекен тасқында қалуы мүмкін
ШҚО-да 100-ге жуық елдімекен тасқында қалуы мүмкін

ШҚО-да 100-ге жуық елдімекен тасқында қалуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында 100-ге жуық елдімекен қызыл судың астында қалуы мүмкін. Аймаққа арнайы іс-сапармен барған төтенше жағдайлар министрі тасқынға дайындық жұмыстарымен танысты. Юрий Ильин тұрғындарды да қол қусырып отырмауға шақырды.

Юрий Ильин, ҚР ТЖ министрі:

- Тасқынға халық та дайындалуы керек. Өйткені биыл қар қалың. Сондықтан қауіпті аймақта тұрған елдімекен тұрғындары, ауласындағы қарды жылдам шығаруы қажет. Ол еріген жағдайда тасқынды күшейтеді.   

Биыл өңірде 7 мыңнан астам баспана су астында қалуы мүмкін. Ол үйлерде 23 мыңға жуық адам тұрады. Сондықтан министр апаттың алдын алу үшін құтқарушылар мен тұрғындарға бірлесіп әрекет ету керектігін айтты. Қазір мамандар қолда бар техникаларын қамдап, көктемгі тасқынға дайындалу үстінде. Су басқан жерлерге жету үшін 44 қайық әзірленген. Күн жылынып таудағы ақұлпа ерісе, бөктеріндегі елдімекендерді су басуы мүмкін. Әсіресе Қатон-Қарағай және Алтай ауданына тасқын қаупі төніп тұр. Семей мен Өскемен қаласы да тасқында қалады деген болжам бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.