{metadescription}
COVID-19: Нұр-Сұлтанда науқастар ауруханаға ауыр халде түсіп жатыр
COVID-19: Нұр-Сұлтанда науқастар ауруханаға ауыр халде түсіп жатыр

COVID-19: Нұр-Сұлтанда науқастар ауруханаға ауыр халде түсіп жатыр

Нұр-Сұлтанда COVID-19-дың ауыр түрімен ауыратындар күрт өсіп жатыр. Елорданың инфекционист дәрігерлері бұлай жалғаса берсе, былтырғы ауыр жағдай қайталана ма деп қорқып отыр.  

Нұр-Сұлтанда апта басынан бері коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап артып келеді. Оның үстіне көбінің жағдайы ауыр. Қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастардың қатары да күрт өсіп кеткен. Дерт жұқтырғандардың арасында артериялық гипертензиясы, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы бар егде жастағылардың жайы алаңдатады. Жағдайдың ушығуына азаматтардың босаңсып, санитарлық талапты елемей қоюы себеп. Инфекционистер алдағы мереке күндерінен кейін науқас саны еселеніп кетеді деп отыр.

Сәуле Атығаева, Нұр-Сұлтан қаласының  штаттан тыс бас инфекционист дәрігері:

Былтырғы жағдай тағы да қайталана ма деп қорқамыз. Қазір КВИ көрсеткіші бәрімізді алаңдатып отыр. Науқастар ауыр және өте мүшкіл халде ауруханаға түсіп жатыр. 18 наурызда қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 307 жағдай анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде