Бір отбасында сирек дертпен ауыратын үш баланың еміне қаржы қажет
Нұр-Сұлтанда көп балалы отбасыға көмек керек. Бес баланың үшеуі тумысынан сирек кездесетін дертпен ауырады. Муковисцидоз деп аталатын дерт бүкіл ішкі ағзаны зақымдайды.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
19.03.2021
Қазақстандық мамандар бұл ауруды емдеуге қауқарсыз. Ал балалардың жағдайы күн санап нашарлап барады. Емдеуге Түркиядағы клиникалардың бірі уәде етіпті. Тек оған қыруар ақша қажет.
Бар тапқан табысын балалардың дәрі-дәрмегіне жұмсап отырған отбасы қуықтай бөлмеде тұрады. Айына қымбат преппараттарға миллиондаған ақша жұмсап отыр. Бес баланың үшеуі муковисцидоз деп аталатын сирек дертке шалдыққан.
Ермек Абдуллаев:
- Өкінішке қарай Қазақстанда бұл дертті емдейтін аурухана түгілі, дәрігер де жоқ. Рас, мемлекет барынша көмек қолын созып жатыр. Бірақ уақыт өткен сайын балалардың жағдайы ушығып барады. Көптеген шетелдік клиникаларға хат жазып, Түркиядан жауап алдық. Сәтін салса, мамырдың басында жолға шығамыз.
Ең кенже қыздың жағдайы тіпті мүшкіл. Дерт баланың өсуіне, дамуына кері әсерін тигізіп отыр. 11 жастағы бала бес жасар балдырғанға ұқсайды. Сирек дертке шалдыққан үш қыз күніне отыз жақты препарат қабылдайды. Сондықтан бұл отбасы тамшыдай болсын көмекке зәру.
Альмира Ділімбетова:
- Бізге Түркияға барып қаралу үшін 50 миллион теңге қажет. Әлеуметтік желіге де жағдайымызды жариялап көмек сұрадық. Әрбіріңізден шамаңыз келгенше қаржы аударуларыңызды сұраймыз. Басты мақсатымыз – балаларымызды аман алып қалу. Әлемде мұндай дертпен өмір сүріп жатқандар бар. Тек қазіргі сәтте дер кезінде ем қабылдау. Сол үшін көмектессеңіздер дейміз.
Қазақстанда мұндай дертпен 100-ден астам бала ауырады. Ал үш қыздың ата-анасы Түркияға билет алып қойған. Енді тек 50 миллион теңгені мамырдың басына дейін жинай алса болғаны.
Реквизиттер:
ALMIRA DLIMBETOVA
ЖСН: 771021402673
Кaspi.kz: 4400430153448482
Forte Bank: 4042428930341800
Тел.: 8 778 576 39 34
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!