Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті сот шешімін даулап жатыр
Алматыда лицензиясынан айрылған Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті сот шешімін даулап жатыр. Апелляцияға жүгінген оқу орны оңайшылықпен берілмеуге бекінген.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
19.03.2021
Қанатбай Қашкенов, адвокат:
- Университетке 58 жыл толған. Оқу орны білікті мамандарды дайындап шығарды. Дәрігерлерге мұқтаж уақытта осындай университетті жабу қисынсыз деп ойлаймын. Оның үстіне жақында ғана президентіміз қаладағы медицина мамандарының тапшылығын тілге тиек еткен болатын. Біз тексерістің нәтижесімен келіспейміз. Білім министрлігінің судьяға көрсеткен деректері негізсіз. Сондықтан соңына дейін күресуге дайынбыз. Қазір Жоғарғы сот пен Бас прокуратураға шағым дайындап жатырмыз.
Қазір Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Тараптар даудың соңғы нүктесін қоймайынша, студенттер бұрынғыдай оқи бермек. Басына қара бұлт үйірілген білім ордасы апелляциялық сотта жеңіліс тапқан жағдайда касацияға жүгінетінін жеткізді. Университеттің лицензиясынан айырылғаны ақпан айында белгілі болған. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, аталған оқу орны бірнеше тексерістен кейін олқылықтарын түзеуге тырыспаған. Нақтырақ айтсақ, тексеріс барысында университетте тиісті оқытушылар құрамы аз, өндірістік тәжірибе базасымен қамтамасыз етілмегені және тағы да басқа кемшіліктер анықталған. Аладай сол тексерістің өзі талапқа сай жүрген жоқ деп есептейді университет басшылғы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!