{metadescription}
QR-код: Көрсеткіші төмен нысандар жобадан шығарылып жатыр
QR-код: Көрсеткіші төмен нысандар жобадан шығарылып жатыр

QR-код: Көрсеткіші төмен нысандар жобадан шығарылып жатыр

Ashyq жобасына қатысуға өзі өтініш білдіріп, талапты орындамайды. Келушілерін QR-код бойынша тексеру көрсеткіші төмен кәсіпкерлік нысандар жобадан шығарылып жатыр. Алайда мобильді қосымшаны тиімді қолданатындар жетерлік. Қазір еліміздегі Ashyq-пен жұмыс істейтін нысандар 200-ден асқан.

Айтуар Қошмамбетов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:

- «Ашық» қосымшасының жүктеу саны32 808. Барлығы 233 QR код берілді. Нұр-Сұлтан қаласында 62 QR. Пилотқа қатысушылар саны К 35. Алматы қаласында 110 QR код. Пилотқа қатысушылар саны52.  Қарағанды қаласында 34 QR. Қатысушылар саны16.

Пилоттық жоба қазір Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында жүзеге асырылуда. Оған фитнес-клубтар, спа орталықтары, сауна мен бассейндер, компьютерлік және боулинг клубтары қатысады. Мұндай кәсіпкерлік нысан иелері кіреберіске QR-код ілуге міндеттеледі. Ал келушілер соны сканерлеген жағдайда ғана ішке кіре алады. Онда да мәртебесі «көк» немесе «жасыл» болуы керек. Бұл оның коронавирустан сау екенін білдіреді. Ал індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандарға мобильдік қосымшада «сары» түс көрсетіледі. Сovid-19-ға шалдыққан адамға «қызыл» мәртебе беріледі. Мұндай қонақтар нысанға кіре алмайды. Осылайша коронавирустың одан әрі таралуына тосқауыл қойылады. Ұйымдастырушылар Ashyq жобасын алдағы уақытта кинотеатрлар мен концерт залдарына да енгізуді жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде