{metadescription}
Туроператорлар пакет құнына ПТР-тестілеуді енгізеді
Туроператорлар пакет құнына ПТР-тестілеуді енгізеді

Туроператорлар пакет құнына ПТР-тестілеуді енгізеді

Туроператорлар пакет құнына ПТР-тестілеуді енгізеді. Осылайша шетелде демалып келемін десеңіз, сапар құнымен қоса, вирустың бар-жоғын да анықтайтын тестілеуге міндетті түрде ақша төлейсіз.

Міндетті ПТР-тестілеудің бағасы демалушы азаматтардың есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізіледі деген шешім қабылданды. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен туристік операторлар бірігіп қабылдаған ұйғарымның басты мақсаты – коронавирусқа қарсы күрес. Бұған дейін шетелде демалып келгендердің көбінен Сovid-19 вирусы анықталған болатын.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы:

- Ведомствоаралық комиссияның соңғы отырысында осы мәселе талқыланып, бекітілді. Турпакеттің негізіне ПТР-тесттің бағасын енгізуді туроператорлардың өздері ұсынды. Ал туроператорсыз, өздері саяхаттап жүргендердің мәселесіне қатысты нақты шешім қабылдайтын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.