Томиристі биіктен құлатқан Меджидов сотта жауап береді
Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс ақыры сотқа жетті. Бас күдікті – Дағыстанның бұрынғы үкімет басшысының ұлы Муртузали Меджидов. Бай баласы қазақ қызын төртінші қабаттан қасақана итеріп жібергені үшін енді сот алдында жауап береді.
Автор: Аруна Ортай
19.03.2021
Атышулы процесс 23-наурызда, яғни төрт күннен кейін басталады. Ал істі алқа билер қарайды Муртузали Меджидов іске алғашқыда тек куәгер ретінде қатысып, Томирис Байсафа терезеден «өзі секіріп кетті» делініп келген. Арада үш жыл өткеннен кейін қызды Меджидов төртінші қабаттан лақтырып жібергені белгілі болды. Қыздың тырнағының астында табылған тері қалдықтары бұған еш күмән келтіртпей отыр. Оның өзі бірінен соң бірі ауысқан төрт тергеушіден соң, бесінші тергеушінің арқасында ғана анықтау мүмкін болды. Толық тергеу енді ғана аяқталып, қыздың өлімінен кейін арада үш жыл өткен соң іс сотқа енді жетіп отыр. Атышулы сот процесінің қандай форматта өтетіні әзірге белгісіз.
2018 жылдың сәуір айында Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан сонда оқып жүрген жерлесіміз Томирис Байсафа құлап кеткен болатын. Ауыр жарақат алған қыз сол күйі есін жимастан қайтыс болды. Ал аудиторияда онымен бірге Дағыстанның бұрынғы Үкімет басшысының ұлы Муртузали Меджидов болған. Бірақ лауазымды қызметкердің баласының сол бөлмеде болғаны көп уақытқа дейін айтылмай келді. Муртузали Меджидов Дағыстандағы ең бай әулеттің баласы. Егер де оның кінәсі сотта дәлелденетін болса, 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!