{metadescription}
Алматыда үш айлық сәбиді қағып кеткен курьер ұсталды
Алматыда үш айлық сәбиді қағып кеткен курьер ұсталды

Алматыда үш айлық сәбиді қағып кеткен курьер ұсталды

Алматыда арбада жатқан үш айлық сәбиді қағып кеткен курьер ұсталды. Мопед тізгіндеген тамақ тасушы оқиға орнын тастап қашқан болатын. Алайда алысқа ұзай алмады.

Оқиға бейнебақылау таспасына түсіп қалған. Бала арбасын жетектеген әйел  бағдаршамның жасыл жанғанын күтіп, жолдың келесі бетіне өтпек болады. Алайда бір-екі қадам жасауы сол еді, мопед тізгіндеген курьер арбаны қағып, ұшырып жібереді. Бесіктің ішінде үш айлық нәресте жатқан. Әйел баласын көтеріп жатқанда тамақ тасушы жолдың шетіне шығып қарасын батырады. Бала дереу ауруханаға жеткізілді.

Нәрестені қаққан тамақ тасушыны тәртіп сақшылары жылдам тауып алды. 38 жастағы Алматы тұрғыны жазадан сытылып кетемін деп ойлаған екен. Оқиға орнын тастап қашқаны үшін енді оның жазасы ауырлайды.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде