{metadescription}
Шымкентте улы кәріз құбырын химиялық затпен жанталасып тазалап жатыр  
Шымкентте улы кәріз құбырын химиялық затпен жанталасып тазалап жатыр  

Шымкентте улы кәріз құбырын химиялық затпен жанталасып тазалап жатыр  

Шымкентте улы қалдық төгілген кәріз құбыры арнайы химиялық затпен жуылып жатыр. Тұрғындарды есінен тандырған иістен құтылу үшін мамандар кәріз жүйесінің алты жарым шақырымын тазалап үлгеріпті.

Ғалымжан Ілиясов, Еңбекші ауданының әкімі:

- Арнайы автокөліктермен кәріз жүйелерін шаю жұмысы жүргізілді. Таңертеңнен қайтадан тағы бір шайдық. Сонымен қатар СЭС департаментінің мамандарының нұсқамасымен кальциленген сода ертіндісімен шайылады. 

Ауаға тараған жағымсыз иіс әлі кеткен жоқ. Екі күннен бері Шымкентте үп еткен жел де жоқ. Кешелі бері улы иіске тұншыққан 21 адам жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болған.

Шымкенттің күңгейінде жағымсыз иіс тарап, тұрғындар үйінен безуде. Тіпті Халыққа қызмет көрсету орталығы мен мектеп оқушылары лоқсып, жаппай ауруханаға түскен. Кейін белгілі болғандай, бәзбіреулер кәріз жүйесіне мұнай қалдығын төгіп, содан шыққан зиянды иіс ауаға жайылған. Әлі күнге дейін кінәлі анықталған  жоқ. Дегемен «атмосфераны ластау» дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде