{metadescription}
ШҚО: Астан ұшынған оқушылар саны 82-ге жетті
ШҚО: Астан ұшынған оқушылар саны 82-ге жетті

ШҚО: Астан ұшынған оқушылар саны 82-ге жетті

Шығыс Қазақстан облысында астан ұшынған оқушылардың саны артып, мектеп жабылды. Қазірдің өзінде уланғандардың саны 82 балаға жеткен. Оның 36-сы жұқпалы аурулар ауруханасына жатызылды.

Ата-аналар балаларының Бозанбай ауылындағы мектеп-интернаттың асханасынан ұшынғанын айтады. Үзіліс кезінде түскі ас ішкен оқушылардың жаппай дене қызуы көтеріліп, іші ауырған.

300-ге жуық оқушысы бар Бозанбай аулының балалары түс кезінде мектеп асханасында ауқаттанған. Артынша, оқушылар өзін жаппай жайсыз сезініпті. Дене қызуы көтеріліп, іші ауырған балалар бірден ауруханаға жеткізілген. Бірақ ауыл дәрігерлері науқастарға нақты диагноз қоя алмай қиналған.  

Тынымхан Алғабек, Бозанбай ауылының тұрғыны:

- Медицина қызметкерлері бір тәулік бойы медициналық көмек жасаған жоқ. Балалар ауырғанан кейін ата-аналары Өскемендегі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанан кейін, олардың уланғаны анықталды.

Қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында 36 бала жатыр. Оларға білікті мамандар ем-дом көрсетуде. Ақ халаттылар оқушылардың денсаулығы орташа дейді.

Ермек Омарбеков, ШҚО ана мен бала орталығының бас дәрігері:

- Ауыр хәлде түскен бала жоқ. Қазір ем-дом қабылдап жатыр. Екі бала ауыруханаға жатқызылмады. Өйткені олардың денсаулығы қалыпты.

Мектеп оқушыларының жаппай неден уланғаны әлі белгісіз. Оны санитар дәрігерлер тексеріп жатыр. Облыс әкімі жауаптылар жазасыз қалмайды дейді. Аталмыш оқиғадан кейін өңірдегі барлық  мектепті тексеруге пәрмен берді.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Мектептерді жаппай тексеру керек. Сонымен қатар аудандағы мектептерді де тексеру қажет. Бұл тұрғыда мектептердің асханасындағы тағамдар қадағалауда болуы керек.

Аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Ал ата-аналар айтқан меткеп-интернат жабылып, асханасы жіті тексерілуде.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде