Ковид-19: Ауру асқынған өңірлерде карантин күшейтіледі
«Қызыл» деңгейге кірген аймақ саны қайта артты. Қауіптің ең жоғары жолағында Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы болатын. Енді бұл тізімге Батыс Қазақстан облысы оралды. Ауру асқынған мекенде карантин режимі күшейтіледі. Жаңа қаулының шығуына өңірдегі коронавирус жұқтыру көрсеткішінің көбеюі себеп.
Автор: Салтанат Шырынхан
19.03.2021
Мұқамғали Арыспаев, Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері:
- Ең бірінші, бұл кейбір тамақ орындары, мейрамхананың жұмыс уақытын қысқарттық. 12-ген дейін істесе, енді 10-ға дейін. Ашық және жабық базарлардың жұмысы демалыс күндері, яғни сенбі, жексенбіде тоқтатылады. Үлкен сауда үйлері де жұмысын демалста тоқтатуға тиісті. Бассейндер, спа-орталықтардың жұмысына карантиндік шара күшейтілді.
Дерттің дендеп бара жатқанына байланысты «сары» аймаққа кірген қалалар да көбейді. Қауіптің орташа деңгейінде Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары бар. Бұған қоса елімізде соңғы тәулікте ковидтен 10 науқас ажал құшты. Ал бір күнде тағы 1314 адамнан ауру анықталды. 50 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. Ал ауруханада жатқан 250 науқастың жағдайы ауыр.
Дендеген дертпен тіркелгендердің жалпы саны 230 мыңға жетіп қалды. Індетпен күресіп бақилық болғандар саны 2900 адамға жуықтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!