{metadescription}
Beeline елімізде алғаш рет дрондар шоуын өткізді
Beeline елімізде алғаш рет дрондар шоуын өткізді

Beeline елімізде алғаш рет дрондар шоуын өткізді

Алматыда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай дрондар шоуы ұйымдастырылды. Түнгі мегаполистің аспанында тұрғындар гүл, шаңырақ, Қазақстан картасын таң қалып тамашалады. Елімізде алғаш рет өткізілген дрондар шоуына Beeline ұялы байланыс операторы мұрындық болды.

Карантинде мейрамнан тағы да қағылдық деген алматылықтарды Наурыз кешінде тосын сый күтіп тұрды. Республика сарайының алдынан әуеге көтерілген 300 дрон Алматы аспанын әп-сәтте мерекенің сахнасына айналдыды.

Вугар Наджаф, дрондар шоуының менеджері:

Дайындыққа бір айдай уақыт кетті. Алдымен клинетпен ақылдасып, не қалайтынын, не көргісі келетінін келісіп аламыз. Сосын дрондарды арнайы бағдарламамен баптаймыз. Біз Санкт-Петербургтан осы қайталанбас шоуды өткізуге «Билайн» компаниясының шақыруымен арнайы келдік.

Елде алғаш ұйымдастырылған дрондар шоуының өтуіне «Билайн» ұялы байланыс операторы ұйытқы болды. Осылайша «Билайн» пандемия кезінде қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен ерекше құттықтады.

Максим Цвыков, Beeline ұялы байланыс операторының маркетинг директоры:

Наурыз елдің қай түкпіріндегі болмасын азаматтарды байланыстыратын мейрам. Бұл бір шетінен, біздің компанияның ең маңызды ұстанымдарымен сәйкес. Екіншіден, біз әрдайым клиенттерімізді таң қалдыруды, тосын сый жасаумен қуантуды көздейміз. Бұл жолы дрондар шоуын өткізуді жөн көрдік.

Он минутқа созылған ерекше шоу шынында да алматылықтардың көңіліне қуаныш сыйлады. «Билайн» компаниясы бұдан былай да ерекше шара өткізуді жалғастыра береміз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде