Өскемен маңындағы саяжай су астында қалды
Өскемен маңындағы «Солнечная долина» саяжайы су астында қалды. Аблакетка өзені арнасынан асып, 30- дан астам баспана қызыл судың құрсауында қалды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
25.03.2021
Саяжайда 226 баспана бар, тек соның екеуінде ғана адамдар қысы-жазы тұрады екен. Қос отбасының паналап отырған баспанасы тасқыннан дін аман. Соған қарамастан бірі дүние-мүлкін тастап, жақындарын жағалап кетіпті. Ал екіншісі қауіпсіз аймаққа көшуден бас тартқан. Қазір құтқарушылар өзен аңғарын нығайтып жатыр. Су деңгейі алғашқыға қарағанда әлдеқайда төмендеген.
Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:
- Бұл жердегі судың деңгейі 73 см биіктеген. 25 наурызда су деңгейі біршама түсті. 53 см деп деректер беріліп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!