{metadescription}
Елордада есірткі саудасын қыздырған еркек пен әйел ұсталды
Елордада есірткі саудасын қыздырған еркек пен әйел ұсталды

Елордада есірткі саудасын қыздырған еркек пен әйел ұсталды

Елордада есірткі саудасын қыздырған екі адам ұсталды. 58 жастағы әйел мен 37 жастағы ер адамнан құны 24 миллион теңге тұратын героин тәркіленді.    

Егде жастағы әйел жарты келі героинді іш киіміне жасырып алыпты. Оны Ақмола олбылысында саудалау үшін сыбайласына бермекші болған екен. Бірақ арам ойы жүзеге аспады. Күдікті әйел бұған дейін  де есірткі сатқаны үшін сотталған. Бірақ бостандыққа шыға сала ескі әдетіне қайта басқан. Ұсталғандардың үйін тінткен кезде сатуға дайындалған есірткіге ұқсас ақ ұнтақ пен сұйық толтырылған  шприц және ірі көлемде ақша табылды. Қазір екеуі де уақытша қамау абақтысында отыр. Тәркіленген героиннің көлемі бір  жарым келіге жуық.

Мейрам Жапбасов, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы:

- Бес мың доза, яғни осыншама рет қолдануға жетеді. Нарықтағы құны 24 миллион теңге. Қазір оларға есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және саудаға шығару бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бап бойынша жаза 10 жылдан 15 жылға дейін. Дүние-мүлкі тәркіленуі мүмкін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.