{metadescription}
Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы
Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы

Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы

Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Осыдан бес жыл бұрын басталған жерге қатысты даудан кейін президент Қасым-Жомар Тоқаев мораторий жариялаған. Оның мерзімі биыл жыл соңында бітеді. Комиссия соған дейін заңға енгізілетін нақты ұсыныстар әзірлеу керек.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, 2016-2020 жылдар аралығында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 15 миллионнан астам  гектар ауыл шаруашылығы жерлері анықталған. Оның бүгінде 11 миллион гектары ауыл шаруашылығы айналымына және мемлекет меншігіне алынған. Қалғаны  сот органдары арқылы қайтарылып жатыр. Комиссия мүшелері көтерген өзекті мәселелердің бірі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді кейін нысаналы мақсатын ауыстырып үй-жай салып алатындар көбейген. Ал заңда бұған тыйым салынбаған.

Көп жер банктерде кепілдікте жатыр. Тіпті жер пайдаланып отырған кей азаматтар азаматтығын ауыстыра бастаған. Демек кейін жерді банктерге кепілдікке қойып, өздері шетелге қашып кетсе, опық жейтін – өзіміз. Осы сынды сансыз көп сұрақты талқыға салуға комиссия апта сайын жиналатын болды.

Ералы Тоғжанов, Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы:

Осы жерде 60-тан аса сұрақ. Соның бәрін талдап, 4 топқа ма, 3 топқа ма, бөліп шығарсақ. Сол үш топқа байланысты жұмыс күндерін бір жұманың ішінде, келесі сенбіге шейін нақты жұмыс істеп, сол жерде комиссияның отырысын жалғастырып, алғашқы отырыстарымызды елге хабарлама берсек деген ұсыныс бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде