{metadescription}
Петропавлда қонақ үй өртеніп, түтінге тұншыққандар терезеден секірді
Петропавлда қонақ үй өртеніп, түтінге тұншыққандар терезеден секірді

Петропавлда қонақ үй өртеніп, түтінге тұншыққандар терезеден секірді

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйде орналасқан қонақ үй өртенді. Тілсіз жау мейманханадағы саунадан тұтанған. Түтінге тұншыққандар терезеден секіріп шығып аман қалыпты.  

От тұтанғанда қонақ үйдің терезесінен секіргендердің бірі талып құлаған. Есін жиған соң, дәрігерге жүгінбестен жөніне кетіпті. Ал құтқарушылар өрт шыққан подъезден 30-дан аса тұрғынды далаға шығарды. 15 шаршы метр жерді шарпыған тілсіз жау жарты сағатта ауыздықталған. От апат ошағына жақын 50 литрлік газ баллонына жетіп үлгермепті, жарылғанда жан-жағын түгел жайпар еді.

Бір ай бұрын Петропавлда жатақхананың бірінші қабатында газ баллоны жарылып үш адам қаза тапқан болатын. Жарылыс пен өрттен қираған баспана әлі жөнделіп жатыр.

Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД бөлім басшысы:

- Тұрғындар қауіпсіздік ережесін елемейді, газ баллонды қолдануды қоймай келеді. Мұндай ғимараттарда газ баллонын ұстауға қатаң тыйым салынған. Бұл адам өміріне үлкен қауіп төндіретінін айтқымыз келеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде