{metadescription}
Мурманскідегі қақтығысқа отандастырымыз қатысқан
Мурманскідегі қақтығысқа отандастырымыз қатысқан

Мурманскідегі қақтығысқа отандастырымыз қатысқан

Ресейдегі жаппай төбелесте жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Дегенмен вахталық қалашықтағы қақтығысқа отандастырымыз қатысқан. Мұны еліміздің сыртқы істер министрлігі растап отыр. Топтасып төбелескендердің видеосы әлеуметтік желілерге кеше тараған болатын.

Белгілісі, төбелес Ресейдің Мурманск облысында 23-наурызда вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің арасында болған. Жанжалдың арасында қазақтардың жүргені де анықталды. Бұл  мәселе қазір Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының бақылауында.

Қазақстандық жұмысшылар ресейлік әріптестерімен жаға жыртысқан. Ал оған асханадағы орынға талас себеп болыпты. Сөзбен шекіскендер соңында топтасып төбелесіп, алты адам зардап шеккен. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазір мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметке сәйкес, жарақат алғандар және құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде