{metadescription}
«Спутник V» салдырған алматылық дәрігердің жағдайы жақсарды
«Спутник V» салдырған алматылық дәрігердің жағдайы жақсарды

«Спутник V» салдырған алматылық дәрігердің жағдайы жақсарды

«Спутник V» вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырдым деген алматылық дәрігердің жағдайы біршама жақсарған. Ауруханада емделіп шыққан Иван Мельников қазір үй карантинінде жатыр. Екпеден кейін індет жұқтырғанына қарамастан, гинеколог-эндокринологтың ресейлік препаратқа қатысты пікірі өзгермепті.

Иван Мельников, гинеколог-эндокринолог:

- Вакцинаға дейін бір күн бұрын мен вирусқа қарсы ПТР-тест және антиденеге қан тапсырдым. Таза болып шықтым. Бірақ ғалымдар екпеден кейін кесел жұқтыру қаупі бар екенін айтады. Себебі, антиденелер аз немесе жеткілікті мөлшерде пайда болуы мүмкін. Әр адамның ағзасы әр түрлі болатынын да ұмытпау керек. Екпеден қашудың қажеті жоқ. Өйткені вакцинасыз ауруды ауыздықтау мүмкін емес.

Медицина институтында жұмыс істейтін дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинаны 2-наурызда салдырған. Бір аптадан кейін гинеколог-эндокринологты жөтел қысып қызуы көтерілген. Денесі ауырсынып әлсіздік байқалған. Содан кейін кесел жабысқаны белгілі болды. Дәрігер 10 күн стационарда емделіп шықты. Осыған дейін аурумен бетпе-бет келмеген Иван Мельников көпшілікті вакциналаудан қашпауға шақырады. Ол «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын жарты жылдан кейін салдыртуға ниетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде