{metadescription}
Үкімет коронавирусқа қарсы жаппай вакциналаудың есебінен жаңылды
Үкімет коронавирусқа қарсы жаппай вакциналаудың есебінен жаңылды

Үкімет коронавирусқа қарсы жаппай вакциналаудың есебінен жаңылды

Үкімет коронавирусқа қарсы жаппай вакциналаудың есебінен жаңылды. Наурыз айының соңына дейін 250 мың адам екпе алуы тиіс деген жоспар вакцинаның жоқтығынан орындалмайын деп тұр. Әзірге 100 мыңнан астам қазақстандық «Спутник V» екпесін салдырыпты.

Ақорда да бұл мәселеге алаңдаулы. Президент бүгін тағы да жыл соңына дейін алты миллион азаматқа вакцина салынуы керек деп, премьер-министр Асқар Мәминнің есіне салды.

Қазақстандық ақжағалылар жаппай вакцинациялауға енді ғана шындап кіріскендей. Өйткені сәуірге дейін қойылған межеге денсаулық министрлігі вакцинаның жоқтығынан сол күйі жете алмайын деп отыр. Кеше мемлекет басшысы Ресей президенті Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, кейін біздің премьер-министр әріптесі Мишустинмен Мәскеуде кездескенде уағдаласып, мәселені шешкендей болды. Қазақстанға препараттың 4 миллион дозасы биыл жеткізіледі.

Таяқ жерге тасталғалы вакциналау басталғалы екі айға жуық уақыт болып қалды. Содан бері 107 341 отандасымызға індетке қарсы вакцина салынды, 20 504-і «Спутник V» екпесін екінші рет алды. Енді Үкімет наурыз айында орындалмаған 250 мың деген межені еселеп жасамақшы.

Серікқали Мұқашев, «СК-Фармация» ЖШС жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы:

- Бірінші компонентінің 145 мың дозасы таратылды, екінші компонентінің 115 мың дозасы таратылды. Жақын уақытта екінші компонентінің 30 мың данасы маусым айына дейін 2 миллион 90 мың дозаны кезек-кезегімен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына жеткізіп береміз.  

Сәуір айында денсаулық сақтау министрлігі 1 миллион қазақстандыққа вакцина салады. Бар үміт Қарағанды фармацевтикалық кешеніне артылып отыр. Препараттың өндірісі бойынша қазір онда жұмыс қарқынды. Ал Ресейден рұқсат алғалы 208 мың екпе шығарыпты.

Зәлия Нұрымбетова, Қарағанды фармацевтика кешенінің ресми өкілі:

- Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 208 мың дозасын өндіріп, «СК-Фармацияға» жеткізді. Сонымен қатар Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының 52 мың дозасын жеткізуді жүзеге асырды. Бүгінде Қарағанды фармацевтикалық кешені «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасын өндірді.  Оны жеткізу осы жылдың 7 сәуіріне дейін жүзеге асырылады.

Елімізде «Спутник V» вакцинасының әзірге осылай дәурені жүріп тұр. Өйткені қазақстандық QazCovidIn екпесі әлі дайын емес. Анығы, отандық препарат сәуір айының соңында ғана нарыққа шығады.

Жыл соңына дейін 6 миллион отандасымыз коронавирусқа төтеп беретін екпені қабылдауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде