{metadescription}
Covid-19: Елімізде эпидемиологиялық ахуал ушығып барады
Covid-19: Елімізде эпидемиологиялық ахуал ушығып барады

Covid-19: Елімізде эпидемиологиялық ахуал ушығып барады

Елімізде эпидемиологиялық ахуал одан әрі ушығып барады. Соңғы тәулікте коронавирус 1105 адамнан анықталып, 13 науқас аталмыш індеттен көз жұмған. Әсіресе Алматы қаласындағы жағдай алаңдатарлық.

Батыс аймақта да дерт қайта күш ала бастады. Бүгін Атырау облысы қауіптің «қызыл» деңгейіне енді. Бұған мамандар Наурыз мерекесін жаппай тойлаған тұрғындарды кінәлап отыр. «Сары» аймақтағы өңірлер қатары да артқан.

Атырау облысында соңғы тәулікте 65 адам вирус жұқтырған. Оның 21-і Теңіз кенішінің жұмысшылары. Өңір «сарыдан» қауіпті «қызыл» аймаққа ойысты. Бұған мерекені жаппай тойлаған тұрғындардың өздері кінәлі дейді мамандар.

Гүлназ Ербатырова, Атырау облысы бас санитар дәрігерінің орынбасары:

- Аурушаңдықтың көтерілуі халық арасында талаптардың сақталмауы, көпшілік орындарға баруы, қонаққа шақыру, бару, көрісу. Соның нәтижесінде осындай жағдайға әкеліп отыр.

Дегенмен өңірдің бас санитар дәрігері карантинді күшейту туралы қаулы шығаруға асығар емес. Өйткені облыс «қызыл» аймақта ұзақ тұрақтамайды деген сенімде.

Жарты жылға жуық «жасыл» аймақта болған Ақтөбе облысында да коронавирусқа қатысты ахуал күрт нашарлап кетті. Қазір өңір қауіптің «сары» деңгейінде тұр. Осыған байланысты шектеуді күшейтуге тура келген. Адам көп жиналатын шараларды өткізуге қатаң тыйым салынды. Мешіттерде жұма намазы оқытылмайды.  

Төлеби Оспан, Ақтөбе облысының бас имамы:

- 2021 жылдың 26-наурызынан бастап Ақтөбе облысындағы мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды. Ауыл, аудан мешіттернде жұма намазының орнына бесін намазы оқылады. Ал қалада жамағаттың көптігіне байланысты жұма күндері сағат 11:00 мен 15:00 аралығында мешіттер жабық болады.

Қарағанды облысы да «сары» аймақта. Мұнда соңғы аптада індет жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға артқан. Вирусты әсіресе зейнеткерлер көптеп жұқтыруда. Өткен аптада тіркелген науқастардың 26,4 пайызы 60 жастан асқан адамдар.

Қазір қауіптің «қызыл» деңгейінде Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Батыс Қазақстан және Атырау облыстары тұр.

Ақтөбе, Қарағанды және Алматы облыстары «сары» аймақта. Өткен тәулікте елімізде індетпен тағы 1105 адам тіркелді. Науқас саны бойынша көш басында – Алматы қаласы. Бір күнде 341 адамнан коронавирус анықталған. Нұр-Сұлтанда 195 адамға аталмыш диагноз қойылыпты.

11 адам індеттен көз жұмды. Тағы екі адам пневмониядан көз жұмды. Covid-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 236 мыңнан асты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде