{metadescription}
Бала дауысы-2021: Сауалнама толтырып, жанды дауыспен ән салған видео жіберіңіз  
Бала дауысы-2021: Сауалнама толтырып, жанды дауыспен ән салған видео жіберіңіз  

Бала дауысы-2021: Сауалнама толтырып, жанды дауыспен ән салған видео жіберіңіз  

Өнерпаз балалардың балалар байқауы басталды. Жасөспірімдер арасында өтетін жыл сайынғы додаға іріктеу биыл да онлайн жүргізіледі. Әр үміткер өнер сайысына үйінде отырып қатыса алады. Ол үшін жобаның арнайы сайтындағы сауалнаманы толтырып, жанды дауыспен ән айтқан видеосын жіберуі тиіс.

Әлеуметтік жобаға Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры, мәдениет және спорт министрлігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қоры мұрындық болып отыр.

«Бала дауысы - 2021» балалардың ұлттық ән байқауы өнерлі жастардың жұлдызын жағуға дайын.  Биыл VI рет өткізілгелі жатқан дода карантинге байланысты тағы да қашықтан өткізіледі. Жобаға 8-12 жас аралығындағы балалар қатысады.

Онлайн іріктеу 25-наурыздан 15-мамырға дейін жалғасады.

Байқаудың талабы:

- Baladauysy.kz сайтында өтініш толтырады;

- Жанды дауыста шырқаған бір әнін видеоға түсіреді;

- Видео 4 минуттан артық болмауы тиіс;

- Іріктеу комиссиясына ұсынады.

Электрондық жүйемен таңдалған 17 үміткер шілде айында Алматыға шақырылып, тәлімгерлерімен танысады. Сөйтіп ақтық сынға дайындығын бастайды. Жеңімпаз еліміздегі жетекші музыкалық мектепте тегін оқу мүмкіндігімен қоса, «Диснейлендке» жолдама алады.  

Жасөспірімдер арасындағы жарысқа іріктеу 25 мамырға дейін жалғасады. Егер балаңыздың талантын төрткүл дүниеге танытып, жұлдызының жанғанын қаласаңыз, байқауда бақ сынаңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде