{metadescription}
Ұлттық валютамыз тағы әлсіреді
Ұлттық валютамыз тағы әлсіреді

Ұлттық валютамыз тағы әлсіреді

Суэц каналындағы кептеліс теңгеден тегеурін кетуіне де түрткі болды. Ұлттық валюта АҚШ долларына шаққанда 424 теңге 28 тиынға тең. Жұмадағы Қазақстан қор биржасындағы сауданың қорытындысы осындай. Кешегімен салыстырғанда, теңге 0,2 пайызға әлсіреген. Кеше 1 доллардың орташа бағамы 423 теңге 36 тиын еді.

Ақша айырбастау орындарында доллар орташа 423-424 теңгеден сатылып жатыр. Әдеттегідей доллардың құбылуы мұнай бағасының құдырауына тәуелді болып тұр. Еуропадағы эпидемиологиялық ахуалдың ауырлығы қара алтын құнын осы аптада 9 пайызға дейін түсіріп жіберді.

Түйіннің тарқамауы  Суэц каналында контейнер тасымалдайтын алып кеменің қайранда тұрып қалуымен байланысты. Азиядан Еуропаға мұнай тасымалдайтын ең ірі артериятың бітеліп қалуынан мұнайдың әлемдік нарықта бағасы төмендеп кетті. Сарапшылардың қысқа мерзімге жасаған болжамына сенсек, алдағы аптада 1 доллар 426 теңгеге жетуі мүмкін.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде