Суэц каналындағы кептеліс Үндістанға жақындады
Суэц каналынан басталған кептеліс Үндістанға жақындап қалды. Арнаның қақ ортасында әлемдегі ең алып тауар тасымалдаушылардың бірі көлденеңінен тұрып қалған. Соның салдарынан түбектен өте алмай, 200-ден астам кеме теңізде кептеліп қалды.
Автор: Аруна Ортай
26.03.2021
200 мың тонналық алып кеме Ever Green Суэц каналынан екі күн бұрын жеткен. Алайда арнаның қақ ортасына жеткенде тоғы өшіп тұрып қалды. Қайраңда қалған алып техниканы құтқарушылар қозғалтуға тырысқанымен, орнынан жылжыта алмады.
Кеменің ені 59, ұзындығы 400 метр. Түбектің аузында 200-ден астам кеме кептеліп қалды. Оның тең жартысы мұнай танкерлері. Ғарыштан қарағанда кептеліс Үндістанға жақындапты. Өйткені арна өте тар. Тек бір жақты қозғалысқа мүмкіндік береді.
Суэц каналы инженерлік ғажап саналады. Өйткені оның екі жағасынан екі құрлықты бір уақытта көруге болады. Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді байланыстыратын жасанды каналдан жылына 19 мыңдай кеме жүзіп өтеді, күніне кемінде 50 танкер транзит жасайды. Қазір арнаның қос жағынан 20 миллиард доллардың тауары кептелісте тұр. Бұл небәрі екі күнде жиналған кемелердің жиынтығы. Теңіздегі кептеліс бүгін-ертең тарамауы мүмкін. Өйткені 400 метрлік алыпты орнынан қозғалтуға екі аптадай уақыт кетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!