Полиция клиенттерінің көңілін көтеріп жатқан жезөкшелердің үстінен түсті – Семей
Семейде жалға берілетін пәтерді жын-ойнаққа айналдырған жезөкшелер ұсталды. Жеңіл жүрісті қыздар клиенттердің көңілін көтеріп жатқан кезде полиция үстінен түсті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
26.03.2021
Арын ақшаға сатқан бикештер тосын келген қонақтарды тосырқаған жоқ, тек бір сәттік рахаты бұзылғанына бұлқан-талқан болды. Сау етіп кіріп келген тәртіп сақшыларынан қымсынбай, жалаңаш күйі көлбеңдеп жүрді. Олар ешқандай жазаға тартылмайтынын жақсы біледі. Мәселен, жезөкшелерге интимдік қызмет көрсеткені үшін салынатын айыппұл көлемі 14 мың теңгеден аспайды. Сондықтан «түнгі көбелектер» жиналатын қонақ үйлер мен сауналар да көбейген. Бұл жолғы рейдте жеңіл жүрісті қыздарға «жеңгетайлық» жасаған сауна әкімшілері де ұсталды.
Елеубек Оспанов, Семей қаласы ПБ баспасөз қызметінің бастығы:
- Жеңіл жүрісті қыздарды клиенттерге тауып бергені үшін ұсталды. Олардың үстінен ҚР ҚК 309-бабының бірінші тармағымен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Егер кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!