{metadescription}
Думандатып келін әкелеміз деп айыппұл арқалады – Ақтау
Думандатып келін әкелеміз деп айыппұл арқалады – Ақтау

Думандатып келін әкелеміз деп айыппұл арқалады – Ақтау

Келін әкелеміз деп айыппұл арқалады. Ақтауда көлігіне полицияның дыбыстық дабыл құрылғысы мен қызыл-көк жарық шамын орнатқан екі жүргізуші жазаланды.

20 жастағы жігіттер көлігіне полицияның арнайы құрылғысын орнатып алып, көшені басына көтеріп келін әкелу сәтін есте қаларлықтай өткізгісі келген екен. Бұл әрекетін енді расымен де ұмытпасы анық. Өйткені көптің назарын аудартқандардің біріне – 44, екіншісі 73 мың көлемінде айыппұл салынды. Тіпті дабысты дабыл құрылғылары тәркіленіп, көліктері айып тұрағына тоғытылды.  

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Toyota land Cruiser-150 автокөліктерінің бірі жарық аспабын орнатса, енді бірі жарық аспабына қосымша арнайы дыбыс құралын орнатқан. Автокөлік иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы 1-бөлігі және 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, ҚР ӘҚБтК-нің, автокөліктер айыптұраққа жабылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде