{metadescription}
Қостанайда есірткі саудасын қыздырған қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда есірткі саудасын қыздырған қылмыстық топ ұсталды

Қостанайда есірткі саудасын қыздырған қылмыстық топ ұсталды

Қостанайда есірткі саудасымен емін-еркін айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Денисов ауданының 51 жастағы тұрғыны құрған топ марихуана мен гашишті Шу өңірінен Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізуді мықтап жолға қойған екен. 

Арнайы жасақ ұстаған екі азаматтың бірі есірткі тасымалдаушы – Нұр-Сұлтан тұрғыны. Сөмкесінде 5 келі гашиш бар. Осы уақытта топтың басқа мүшелерін ұстау операциясы да қатар жүрген. Қаннен қаперсіз үйінде жүргендерге сау ете қалған арнайы жасақ тінту жұмыстарына иісшіл итті де қосқан. Нәтижесінде нығыздалып таблетка түрінде даярланған есірткі заттары үй ішінен ғана емес, көліктерінің құпия жерлерінен де табылды. Есірткі саудасынан түскен ақшасы да бар. Арнайы операцияда қылмыстық топтың 8 мүшесі ұсталды. Тіпті олардың бірі зейнеткер екен.

Айгүл Ерәділова, Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері: 

- Есірткіні қамтамасыз етіп отырған Жамбыл облысының Шу өңірінің тұрғыны, 67 жастағы зейнеткер. Бүгінде күдіктілерден тәркіленген есірткінің салмағы 10 келіге жуық. Барлық күдіктілер қамауға алынды, тергеу жүргізіліп жатыр.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде