{metadescription}
Интернеттегі алаяқтардан абай бол
Интернеттегі алаяқтардан абай бол

Интернеттегі алаяқтардан абай бол

Қазақстанда интернетте алаяқтық 139 пайызға артқан. Ішкі істер министрлігінің айтуынша, локдаун салдарынан өтінімдер түгелдей дерлік онлайн қабылданып жатыр.

Сондықтан көптеген азамат жеке деректерін интернетке салғанда, бұл мәліметтерді алаяқтар аңдып отырады.

Интернет алаяқтар жеке әрекет етіп қана қоймай, бірлесіп, қылмыстық топ құруға тырысады. Мәселен, Ресейдің хакерлерімен ұйымдасқан қазақстандық алаяқтар ірі компанияның 300 миллион теңгесін интернет арқылы үптеп кеткен. Бұл іспен үш адам қолға түсті. Ал жекелеген тұлғалар бойынша карантин уақытында банк қызметкері ретінде қоңырау шалып есепшот деректерін біліп, сыртынан несие рәсімдеп, оған қоса шотындағы қаржыны да ұрлайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп кеткен.

Санжар Әділов, ІІМ Тергеу департаментінің басшысы:

- Қазір интернет арқылы жүргізілетін қаржылық қылмыстың бес негізгі тәсілі бар. Көбіне азаматтар өтірік тауарлардың жарнамасына алданып, толық не жартылай сомасын аудара салады. Жоғалған құжат алаяқтардың қолына түсіп, олар сол тұлғаның атына микронесие рәсімдей салады. Интернеттегі жеке деректерді алаяқтар аңдып отырады. Тапқан бетте несие рәсімдейді, не жеке шоттарына шабуыл жасайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.