{metadescription}
Жамбыл облысы және Семейде көшелер көлге айналды
Жамбыл облысы және Семейде көшелер көлге айналды

Жамбыл облысы және Семейде көшелер көлге айналды

Жамбыл облысында толассыз жауған нөсерден көшелер көлге айналды. Тіпті аулаларды да су басып, баспаналарға дейін кіріп кеткен. Ал Семейде еріген қар суынан көлікпен жүрген мұң. Шалшық астындағы шұрық-тесік жолдар жүргізушілердің жүйкесін жұқартты.

Семейде асфальт үстіне жиналған қар суы жүргізушілердің жүйкесін жұқартты. Су астында қалған шұрық-тесікке түсіп, көлігінің тас-талқанын шығарған тұрғындар да бар. Бұл азаматтың машинасы малмандай судың ортасында бұзылып қалған. Амалсыз көлігінің төбесіне шығып алыпты. Оны көрген тұрғындар коммуналдық қызметті сотқа беру керек дейді.

Жамбыл облысында бір апта бойы жауған нөсер жаңбыр жұртты әуре-сарсаңға салды. Бүгінде 30-ға жуық ауланы су басқан. Кейбір тұрғындардың баспанасына да су кірген. Қазір көшелермен аулаларға жиналған көлшіктің тереңдігі шашамен 20 см.

Толарсақтан су кешкен жұрт жергілікті билікті кінәлауда. Себебі, атқамінерлер су ағарлар мен арықтарды дер кезінде тазаламаған дейді.  Енді  жиналған жаңбыр суы жер үйлерді басып жатыр. Ал төтенше жағдайлар қызметі қызыл сумен күресті енді ғана бастаған сияқты.

Омар Тәкеев, Жамбыл облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:

- Жамбыл облысы әкімі аппаратына Тараз қаласымен, Жамбыл және Байзақ ауданындағы елдімекендердегі дренаж жүйелерін талапқа сай келтіру үшін хат жолданды. Соған байланысты аудандардағы арық пен дренаж жүйелері тазартылып жатыр.

Семейлік атқамінерлер көшелерді судан тазартуға 47 арнайы техника жұмылдырылған. Шаһар көшелерінен 25 мыңнан астам текше метр су сорылған. Тасқын шаю қаупі жоғары ықшам аудандарға да инерттік материалдар жеткізіліп жатқанын айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде