{metadescription}
Павлодар облысында ірі жол апаты болды
Павлодар облысында ірі жол апаты болды

Павлодар облысында ірі жол апаты болды

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан ірі жол апаты болды. Дүлей дауылдан түк көрінбей, 10 көлік бірінің артына бірі соғылған. Соның салдарынан 6 адам түрлі дене жарақатын алды.

Зардап шеккендердің арасында кішкентай бала бар. Медициналық көмек көрсетілген соң олар үйіне жіберілді. Апат республикалық маңызы бар Ленинский-Ертіс тас жолында болған. Ребровка ауылының маңына келгенде 3 жүк көлігі мен 7 жеңіл машина бір-біріне соғылған. Оқиға орнында апаттық қызмет жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде