Павлодарда қоқыс жәшігінен адам денесі табылды
Павлодарда қоқыс жәшігінен адам денесі табылды. Оны таңертең қоқыс жинауға келген жұмысшылар байқап қалыпты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
29.03.2021
Ер адамды өлтіріп қоқысқа тастап, үстін ескі кілеммен жаба салған екен. Оқиға куәгерлері алғашқыда оны ұйықтап жатқан қаңғыбас деп ойлапты. Кейіннен қайтыс болған адам 38 жастағы азамат екені анықталды. Сот медициналық сараптама нәтижесінде марқұмның пышақ жарақатынан көп қан жоғалтқаны белгілі болды. Қазір адам өлтірді деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталып, тергеу жүргізілуде.
Жасқайрат Қайыров, Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары:
- Жедел-іздестіру кезінде аталған ауыр қылмысты жасады деген күдікке 50 жастағы әйел ілікті. Күдікті Павлодар қаласындағы уақытша тергеу абақтысына қамалды. Оған адам өлтіру бабмен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!