{metadescription}
Бахрейнде сексқұлдықта болған қазақстандық қыздар елге қайтарылды
Бахрейнде сексқұлдықта болған қазақстандық қыздар елге қайтарылды

Бахрейнде сексқұлдықта болған қазақстандық қыздар елге қайтарылды

Бахрейнде сексқұлдықта болған 40-қа жуық қазақстандық қыз елге қайтарылды. Қазір барлығына әлеуметтік, медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Қыздарды шетелде табысы мол жұмысқа шақырып, соңында алдап соғып тәнін саудалауға мәжбүрлеумен тұтас қылмыстық топ айналысыпты. Үш елдің қылмыскерлері бірлесе қимылдап, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының қыздарын Бахрейнге сатып жіберген. Бұл дерек бойынша іс жуық арада соттың қарауына жіберіледі.

Алданып, шетелде сексқұлдыққа түскен алты ару қылмыскердерден қашып құтылған. Оларды Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркиядан қайтаруға Сыртқы істер министрлігі көмектесті. Бұл іске қатысты 19 адам күдікті деп танылса, соның 15-і қолға түсіп, үшеуіне іздеу жарияланған. Жалпы Қазақстандағы адам саудасына байланысты бүгінде 133 қылмыстық іс сот қарауында.

Санжар Әділов, ІІМ Тергеу департаментінің басшысы:

- Тергеу департаменті Қазақстан, Ресей және Бахрейн елдерінің азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топқа қатысты іспен айналысып жатыр. Олар 2016-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында қыздарды алдап-арбап Бахрейн Корольдігіне сексқұлдыққа жіберіп отырған. Іс барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тумалары – 39 жәбірленуші анықталып, елге қайтарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде