{metadescription}
Көлік салығын қабылдау таяуда аяқталады
Көлік салығын қабылдау таяуда аяқталады

Көлік салығын қабылдау таяуда аяқталады

Қазақстанда көлік салығын қабылдаудың аяқталатын уақыты таяп қалды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, әр көлік иесі 1- сәуірге дейін төлем жүргізіп болуы тиіс. Мерзімнен кешігіп қалғандарға заң қатаң.

Үш күн ішінде салық төлеп үлгермегендерге өсімпұл қарастырылған. Ал оның көлемі Ұлттық банк бекіткен коэффициентпен есептеледі. Яғни салық сомасы мен кешіктірілген күнге байланысты. Егер көлік жүргізуші бір айдың ішінде өсімпұлды төлеп болмаса, сот орындаушы әрі қарай оған ескерту жіберіп, банк карталарын бұғаттап, мүлкін сатуға тыйым салады.

Өсімпұлы 40 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, жеке тұлға шетелге шыға алмайды. 2020 жылдың көлік салығы 1-қаңтарға дейін болған айлық есептік көрсеткішпен төленеді.

Азамат Садықов, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры:

Көлік салығын есептеу кезінде салық есептелген салық кезеңіне, яғни 2020 жылғы 1 қаңтарға қолданылатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады. 2020 жылға көлік салығын есептедік, ол кезде айлық есептік көрсеткіш 1 қаңтарға 2 651 теңгені құраған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде