{metadescription}
Ахметжан Есімов: Енді мемлекеттік қызметке қайтып келмеймін
Ахметжан Есімов: Енді мемлекеттік қызметке қайтып келмеймін

Ахметжан Есімов: Енді мемлекеттік қызметке қайтып келмеймін

Ахметжан Есімов қызметтен кетті. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын төрт жыл басқарған Есімов енді мемлекеттік қызметке де қайтып келмеймін деп отыр. Ал еліміздегі ең ірі холдинг басшысының орындығына Алмасадам Сәтқалиев отырды.

Ұжымға жаңа басшыны премьер-министр Асқар Мәмин таныстырды. Есімов секілді Алмасадам Сәтқалиевтің есімі көпшілікке танымал емес болса да, ол ұлттық компанияларда жоғары лауазымдарда жұмыс істеген. «Қазақстан Темір жолы», «ҚазАтомӨнеркәсіп» «ҚазМұнайГаз» компанияларының директорлар кеңесінің мүшесі және KEGOC-та жетекшілік етті. Ал соңғы жылдары «Самұрық-Қазына» компаниясында басқарушы директор болды.

70 жастағы Ахметжан Есімовтің мемлекеттік қызметке, квазимемлекеттік салаға барғысы жоқ. Немере-шөбере бағып, зейнетінің рахатын көре ме, ол да беймәлім. Алдағы жоспарын жариялауға асықпайтын Есімов әр жылдары ауыл шаруашылығы министрі, Алматы әкімі және «Астана-ЭКСПО» басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде