{metadescription}
Таразда әскери бөлімнен сарбаз ұшты-күйлі жоғалған
Таразда әскери бөлімнен сарбаз ұшты-күйлі жоғалған

Таразда әскери бөлімнен сарбаз ұшты-күйлі жоғалған

Қатардағы жауынгер қашып кетті. Тараздағы әскери бөлімнен шығып кеткен сарбаз іздестірілуде. Нұрасыл Арысбаевтың үшті-күйлі жоғалғанына төрт күн болды.

Бауыржан Дүйсенбаев, №85395 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- Жамбыл облысы және Тараз қаласында әскери бөлімнің қызметкерлерімен және құқық қорғау органдарымен Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлерімен іздестіру жүргізіліп жатыр. Не себептен қашып, әскери бөлімді тастап кеткені беймәлім. 

19 жастағы сарбаз 25-наурыз күні түнгі кезекшілігін тастап белгісіз бағытта қашып кеткен. Содан бері оны көрдім-білдім деген жан жоқ.   

Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаевтың қолында қару-жарақ болмаған. Тәуліктік кезекшілікте тұрғанда серіктесі ұйықтап жатқан. Соны пайдаланған сарбаз түнгі сағат үш шамасында табанын жалтыратыпты. Ал әскери бөлімге баласын іздеп келген Нұрасылдың анасы ұлының әскерден қашып кеткеніне сенбейді. Олар менің баламды жасырып, бір жерде тығып ұстап отыр дейді.

Гүлжан Арысбаева, Н. Арысбаевтың анасы:

- Бұнда не болып жатқанын білмеймін. Бір күдігім бар. Мүмкін емес, менің балам момын бала. Дуалдан асып кетіп қалған. Не үшін кетіп қалғанын білмеймін. Төрті тәулік болды, әлі жоқ. Ешқайсысы қимылдамай жатыр. (жылап айтады – ред.)

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.