{metadescription}
Аяжанның қанын арқалаған азғынның тағы қандай қылмысқа қатысы бар?
Аяжанның қанын арқалаған азғынның тағы қандай қылмысқа қатысы бар?

Аяжанның қанын арқалаған азғынның тағы қандай қылмысқа қатысы бар?

Алматыда 19 жасар қызды азаптап өлтірген қаскөй темір торға тоғытылды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан қандықол өз кеңірдегін өзі пышақпен осып жіберген болатын. Бір аптаға жуық  аурухада жатқан күдікті енді қапаста.

Ал қылмысты полиция емес, прокуратура тергейтін болды. Себебі, «қызды тірі кезінде іздемей қойды» делінген полицейлердің өзіне қатысты ішкі тексеріс жүріп жатыр. Қатігездігімен күллі елдің жағасын ұстатқан азғынның тағы қандай қылмыстарға қатысы бар?

Бұл 19 жасар Аяжанның әлі тірі сәті. Қыз бен күдікті үйдің кіреберісіндегі таспаға түсіп қалған. Кадрде көрініп тұрғандай, бойжеткен мен жігіт сағат түнгі 9:55-те үйге бірге кірген. Көңілі бейқам қыз ұялы телефоны арқылы біреуге дыбыстық хабарлама жіберіп жатыр. Аяжан сол түні азаппен өлді. Ал асқан қатігездігімен бүкіл елді дүрліктірген жігітті ұстау кезінде өз тамағын өзі осып жіберген болатын. Бір апта бойы ауруханада жатқан ол енді ғана абақтыға ауыстырылды. Жантүршігерлік қылмысты тергеушілер де ауысыпты. «Жоғалған қызды іздеуге асықпады» делінген полиция емес, іспен енді прокурорлар айналысып жатыр.   

Қанат Күнғожинов, Алматы қаласы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының бастығы:

- Көптеген келіспеушілік бар. Сол үшін біз барлығын тиянақты және барлық іс-әрекетті зерттеу үшін осы қылмыстық істі өзімізге алдық. Және обьективті іс-әрекеттер жасау үшін.

Арыз түскен бойда қимылдамадаы деген полицейлерге қатысты қазір ішкі тексеріс жүріп жатыр. Ал жас жігіттің қатігездігі кәнігі тергеушілердің төбе шашын тік тұрғызды. Айтуларынша, соңғы 10 жылда қалада осыған ұқсас бір қылмыс болған. Бірақ оның өзінде мұншалықты емес екен. Ай мен күннің аманында адамды сойып, етін қаланың шет-шетіндегі қоқыс жәшіктеріне лақтырған жігіттің басқа да қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін.

Қанат Күнғожинов, Алматы қаласы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының бастығы:

- Негізі версия көп. Солардың барлығын тексереміз. Оны мен сізге айта алмаймын.

Қанды оқиға наурыздың 19-нан 20-сына қараған түні болған. 28 жастағы жігіт әлеуметтік желіде танысқан Аяжанды пәтерге шақырып, асқан жауыздықпен өлтірді. Мәліметтерге қарағанда, қаскөй қыз-жігіттер арасында кеңінен қолданылып жүрген танысу қосымшасын пайдаланған. Және ондай қосымша елімізде тек біреу емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.