Бір жарым центнерден астам марихуана сатпақ болған – Семей
Семейде бір жарым центнерден астам марихуана сатпақ болған азамат ұсталды. Бұл есірткінің қара базардағы құны 100 миллион теңгеден асып жығылады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
30.03.2021
44 жастағы азамат есірткі саудасын ірі бизнеске айналдырған. Оны ұстау үшін полицейлерге әжептәуір қара терге түскен. Ақыры қолға түскен күдіктіден 153 келіден астам марихуана мен бірнеше келі гашиш тәркіленді. Күдікті оны қап пен қораптарға салып гараждағы жертөлеге жасырып қойған екен. Бұл есірткі 32 мың адамды есінен тандыруға жетеді дейді мамандар. Бірақ наша сатушы азаматтың арам ойы жүзеге аспады. Қазір ол қамауға алынып, ірі көлемдегі есірткіні облыс аумағына қалай жеткізгені анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!