{metadescription}
Әлеуметтік желілерге бақылау күшейтілуі мүмкін
Әлеуметтік желілерге бақылау күшейтілуі мүмкін

Әлеуметтік желілерге бақылау күшейтілуі мүмкін

Әлеуметтік желілерге бақылау күшейтілуі мүмкін. Коронавирус індетімен ел арасында идеологиялық «вирустардың» таралып жатқанына алаңдаған сенаторлар ғаламторды реттейтін заң қабылдау керек деп отыр.

Бақытжан Жұмағұлов, Сенат депутаты:

- Коронавирус індетіне қоса, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса жағымсыз жер жүзіне идеологиялық «вирустар» да таратыла бастады. Жалған ақпараттар сол «вирусты» әлеуметтік желілер арқылы шұғыл таратып жібереді. Сондықтан әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау қажет деп білеміз.

Депутат Жұмағұлов әсіресе әлеуметтік желілердің кесірінен жастардың теріс ағымдардың торына түсіп жатқанына қынжылды. Ол жаһандану заманы бұқара санасын улап, адастырады деп кінәлайды. Ал жаңа заң қабылданса, құжат сөз бостандығын шектемейді, тек әлеуметтік желіні заңнама тұрғысынан реттейді деген сенімде.

Сенатордың бұл бастамасы қаншалықты жүзеге асатыны уақыт еншісінде. Ресейде екі ай бұрын әлеуметік желілерде былапыт сөз жазуға тыйым салатын заң күшіне енді. Зорлық-зомбылық, экстремистік материалдар бірден бұғатталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде