{metadescription}
Қазақстандықтар карантинде қанша ет жеген?
Қазақстандықтар карантинде қанша ет жеген?

Қазақстандықтар карантинде қанша ет жеген?

Карантиннің екінші қыры - қазақстандықтар тамақ жеуді көбейткен. Ұлттық статистика бюросындағылардың есептеуінше, шектеу кезінде азық-түлік тұтыну 16 пайызға артыпты. Яғни әр азамат 100 келіге дейін ет жеп, 256 литр сүт ішіпті.

Азық-түлік сатып алудан Атырау облысы бірінші орында. Мұнда әрбір отбасы орта есеппен азық-түлікке 405 мың теңге жұмсапты.

Түркістан облысының тұрғындары да тізімнің басында. Мамандардың есебі бойынша әр жанұя былтыр 395 мың теңгеге ас ішкен. Карантин кезінде төрт қабырғаға қамалған қазақтар еттен ақшасын аямаған деп отыр есепшілер.

Етті ең көп тұтынған – Қарағанды мен Ақмола облысының тұрғындары. Мұнда соңғы бір жылда бір адам 100 келіден көп ет жепті.

Ең төменгі көрсеткіш Шымкент қаласында. Мұнда бір тұрғын 12 айда тек 54 келі ет тұтынған. Еттен кейінгі орында – нан мен сүт.

Ұлттық статистика бюросының есебіне сенсек, орта есеппен бір адам 84 келі ет жеп, 256 литр сүт ішкен. Жалпы шектеу кезінде отбасылар ақшаны көбіне азық-түлікке жұмсаған. Осылайша табысының 18,6 пайызына – ет, 7,8 пайызына – нан, 5,2 пайызына сүт өнімдерін сатып алыпты.

Азық-түлік бағасы да өсіп жатыр. Мәселен, жұмыртқа бағасы ақпанда тағы өскен. Тек бір айда ғана 33 пайызға қымбаттады. Ең қымбат баға Алматыда. Мұнда жұмыртқаның он данасы 700 теңгеге барды. Ал ең арзан жұмыртқа Петропавлда, бір данасы - 34 теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде