Семей қоғамдық көліксіз қалуы мүмкін – SEMEY BUS құрдымға кетті
Семей тұрғындары қоғамдық көліксіз қалуы мүмкін. Шаһардағы ең ірі SEMEY BUS автопаркі құрдымға кетудің алдында тұр. Қарызға белшесінен батқан мекеме басшылығы берешегін өтемек тұрмақ, сынған автобустарды жөңдеуге ақша таппай дал.
Автор: Ұлан Нұрахмет
31.03.2021
Болат Қылышбеков, SEMEY BUS ЖШС директоры:
- Қазір 170 автобус бар. Соның 70-і тұр. Тұрған себебі – ақша жоқ. Нақты айтқанда, қосалқы бөлшек алуға қаржы жоқ.
Қоғамдық көліктер несиеге алынған екен. Сөйтіп автопарктің жалпы берешегі 2 миллиард 100 млн. теңгеге жетікен.Автопарктің құлдырауына карантин шектеулері кесірін тигізген. Жолаушының аздығынан қоғамдық көлік жұмысын да ақтай алмаған. Соның салдарынан мекеме жанар-жағармайға 73 млн теңге қарыз.
Жүргізушілердің зейнетақы қоры мен медициналық сақтандыруына да ақша аударылмаған. Дегенмен жергілікті билік автопаркті тығырықтан шығарудың жолын таптық дейді. Атқамінерлер жергілікті қазынадан 500 млн. теңге субсидия бөлуге шешім шығарыпты. Олар облыс бюджетінен қаражат бөлуге де өтінім жібергенін мәлімдеді.
Серікқали Жұманов, Семей қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы:
- Субсидия бергенде автопарктерге біздегі келісімшартты орындауы керек. Мысалы, 10 автобус шығуы қажет. Егер ол толық жүгізілмесе, субсидия төленбейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!