Жезқазғанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны артқан – Байқоңыр зымырандары
Жезқазғанда қатерлі ісікке шалдыққандардың саны артқан. Қауіпті дерттің ушығуы Байқоңырдан ұшқан зымырандардың химиялық сұйықтықтарының кесірінен. Қарағанды облысының тұрғындары мәселеге назар аудармаса, жағдайдың ушығатынын ескертіп отыр. Бұл жағдайды реттеуге депутаттар бірқатар ұсыныс айтты.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
31.03.2021
Арман Қожахметов, Мәжіліс депутаты:
- Байқоңыр ғарыш айлағына іргелес аумақтардың және зымыран қалдықтарының құлау аймақтарының ластану деңгейі туралы ақпарат ұсынуды, ластанған өңірлерде тұратын халықты жыл сайын скринингтік тексеруден өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды, зымыран отынының химиялық элементтерін залалсыздандыруға бағытталған қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерін жыл сайын қаржыландыруды белгілеуді сұраймыз.
2016 жылы Жезқазғандағы науқастардың саны 241-ден асса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 300-ге жуықтаған. Депутаттардың келтірген деректері бойынша, 59-ші жылдан бері орталық Қазақстан аумағына 600-ден астам зымыран құлаған. Соңғы 10 жылда үш апат болып, улы отын далаға төгілгені есте. Ал бұның салдарымен күресіп қоршаған ортаны қалпына келтіруге кемі 10 жыл қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!