{metadescription}
89 жасында Шот-Аман Уәлиханов дүниеден озды
89 жасында Шот-Аман Уәлиханов дүниеден озды

89 жасында Шот-Аман Уәлиханов дүниеден озды

Шот-Аман Уәлиханов бақилық болды. Қазақстан елтаңбасының авторы, белгілі сәулетші, ғалым 89 жасында дүниеден озды.

Шот-Аман Уәлиханов Абылай ханның ұрпағы. Тарихта ол ұлы тұлғалалардың жалғасы ғана емес, қазақ сәулеті мен мүсін өнерінің атасы ретінде де сақталып қалды. Елтаңбадан бөлек, ол ескерткіштердің төресі «Тәуелсіздік» монументінің авторларының бірі.

Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Әліби Жангелдин, Дінмұхаммед Қонаев ескерткіштері де марқұмның туындылары. Шот-Аман Уәлиханов сәулетші ғана емес, ғалым әрі драматург. Сәулет пен мүсін өнерін дамытумен қатар қоғамдық өмірге белсене араласты. Қазақ тарихы мен белгілі ұлдарын тастан қашап мәңгіге қалдыруға тырысты. Марқұмның жақындарына Елбасы көңіл айтып жеделхат жолдады.

Асанәлі Әшімов, ҚР Халық артисі:

- Бүгін менің дос ағам, жан досым Шотадан айырылып, қабырғам қайысып отыр. Халыққа еткен еңбегі адал. Елгезек, жан-жақты білімді адам еді. Шотамен әңгімелесу, сырласу маған үлкен бақыт болатын. Сол бақыт менде болды. Шотаменен араластым, жанұямыз араласты. Сондықтан жанұясының қайғысына ортақпын. Мен жалпы қазақ халқына көңіл айтамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.