{metadescription}
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы –  Түркітілдес елдердің басшылары қандай ұсыныс айтты?
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы –  Түркітілдес елдердің басшылары қандай ұсыныс айтты?

Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы –  Түркітілдес елдердің басшылары қандай ұсыныс айтты?

Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы. Киелі шаһардың қазақ елі үшін ғана емес, бүкіл түркі жұртына ортақ қазына екені бүгін ресми түрде жарияланып, арнайы декларацияға енгізілді. Бүгін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ұсыныс білдірді.

Президент Тоқаев 21 ғасырдағы Түркі әлемін жаңғыртуды ұсынса, Назарбаев латын әліпбиін енгізу арқылы түркітілдер елдердің өзара байланысын одан әрі нығайту қажеттігін айтады.

Түркітілдес елдердің басшыларынан тағы қандай ұсыныс бар?

Әуелде Түркістанда өтеді деп жоспарланған жиын онлайн форматқа ауыстырылып, бүгін ғана өтіп жатыр. Бүгінгі жиыннан белгілі болғаны, түркі әлемімен бірге Түркістанның да мәртебесі асып жатыр. Бүгінгі саммит «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» деген атпен өтті. 

Бүгін жиын соңында қабылданған декларацияға Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы екені енгізілді. Түркі әлемінің бесігі саналатын тарихи шаһарға мұндай мәртебе берілуі уақыт еншісіндегі шаруа ғана еді. Өйткені ұйым құрылған сәттен бастап негізгі жиындар Түркістанда өтуі керектігі талай айтылып жүрген. Қожа Ахмет Яссауи сол киелі шаһарда бүкіл түркі жұртын баурап тұрған есім. Түркі әлемін экономикалық-мәдени жаңғырту қажеттігін айтқан президент Тоқаев та Яссауи есімін ескермей кетпеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

- Мақсатымыз 21-ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық кеңістіктің біріне айналдыру. Түркі өркениеті жаңғыртуды ең алдымен Яссауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамыз. Сол себепті бүгінгі саммит «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» деп аталып отыр.

Елбасы, Түркі Кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осы ұйымның 2040 жылға дейінгі даму бағытын айқындайтын құжатты қабылдауды жеделдету керектігін айтады. Түркі елдерінің латын қарпін қолдануы да өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуіне зор мүмкіндік екенін атап өтті.

Тағы бір тың ұсынысты Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтан да естідік. Қырғыз басшысы Түркі әлемінің инвестициялық қорын ашуды әрі оның кеңсесін Бішкекте орналастыруды ұсынып отыр.

Соңғы рет Түркі кеңесі былтыр төтенше шақыртумен онлайн өткен еді. Онда негізгі тақырып ковид-19-бен күреске арналған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.