{metadescription}
Депутаттар қаржының нақты қайда жұмсалып жатқанын қадағалауды талап етті – сыртқы қарыз $160 млрд   
Депутаттар қаржының нақты қайда жұмсалып жатқанын қадағалауды талап етті – сыртқы қарыз $160 млрд   

Депутаттар қаржының нақты қайда жұмсалып жатқанын қадағалауды талап етті – сыртқы қарыз $160 млрд   

Қоқысы алтынға бергісіз! Семейде салынғалы жатқан қоқыс өңдейтін зауыттың құрылысына мәжілісмендер қарсы шықты. Өйткені құны қымбат. Әрі анау-мынау емес, баға бақандай 34 есеге артық. Құрылыс құнын еселеп артық көрсету Семейде ғана емес екен, елордадағы мектепке кететін қаржы 3-4 есе көп.

Депутаттар қаржының қалай жұмсалғанын қатаң бақылауды талап етіп отыр. Әйтпесе шетелдік банктерден қарыз алып қитұрлыққа баратын компаниялар көбейіп барады. Жалпы Қазақстанның сыртқы қарызы қазір 160 миллиард доллардан асқан.

Сыртқы қарыз мәселесі талайдан бері көтеріліп келеді. Бірақ депутаттар осы жолы миллиардтаған қарыз қаржысы пысықтардың қалтасына кетіп жатыр деп күмәнданды. Шетелдік банк берген сол берешекке құрылыс нысандары бой көтеріп жатыр. Тек оның құны күмәнді. Өйткені негізгі бағадан айтарлықтай көлемді етіп көрсетілетін жайттар жиелеген. Мысалы, Семейдегі қоқыс өңдеу зауытының жоспарланған құрылыс шығыны ақылға қонымсыз дейді мәжілісмендер.   

Андрей Линник, Мәжіліс депутаты:

- Семейде құны 6 миллиард 800 миллион теңгеге қоқыс өңдейтін зауыт құрылысы басталмақ. Бірақ дәл сондай зауыт Батыс Қазақстан облысында 200 миллион теңгеге салынған. Сонда Семейдегі зауыттың құрылысы негізгі құнынан 34 есеге қымбат болып тұр. Тіпті басқа технология мен құрылыс ауқымын үлкейтіп есептегеннің өзінде 11 есеге қымбат баға айтылған. 

Бұл шикілікті әрі әлдебіреулердің зауыт құрылысын әдейі қымбаттатқанын «Келешек» кәсіпорнының басшысы байқаған. Егер 34 есе қымбат етіп көрсетілген жұмыстарға ақша сұратылса, тұрғындарға тұрмыстық қалдық тарифі 15 есеге қымбаттап кетеді. Сондықтан мұндай қаржы сұратудан Мақсұт Нығметов үзілді-кесілді бас тартып отыр.

Мақсұт Нығметов, «Келешек» кәсіпорнының басшысы:

- Егер қазір тұрғындар қоқыс шығарғанына айына 230 теңге төлесе, төрт жылдан кейін, егер жаңа қымбат зауыт бой көтерсе, тариф айына шамамен 800 теңгені құрайды. Бұл халықты қанау деп білемін.

Жалпы еліміз Еуропалық қайта құру және даму банкінен 280 жобаға 9 миллиард 400 миллион доллар қарыз алған. Соның 66 пайызы жекеменшік компанияларда.

Қазақстанның сыртқы қарызы қазір 160 миллирд доллардан асып барады. Бұл ішкі жалпы өнімнің 90 пайызы. Ал сырттан сол қарызды алған компаниялар мектеп және басқа да ірі құрылыс нысандарын өте қымбат бағаға салып, әбден май-шелпекке айналдырған. Ондай жағдай Нұр-Сұлтанда да кездеседі. Ел астанасында бір мектептің құрылысы 7 миллиард 500 миллион теңгеге бағаланыпты. Алайда құрылыс жұмыстарының шынайы бағасы 1,5-2 миллард теңге шамасында. Сондықтан депутаттар қарызға алынған қомақты қаржының нақты қайда жұмсалып жатқанын қадағалауды талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.