Ковид-19: Елордада ауруханаларда қосымша орын ашылып жатыр
Елордада коронавирустан ахуал мәз емес. Індеттің ілмегіне ілінгендер қатарының күрт өсуінен қаладағы ауруханаларда қосымша орын ашылып жатыр. 618 инфекциялық стационардағы керуеттердің 40 пайызы ғана бос.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
31.03.2021
Бүгінде дайындалған 1615 орынның 500-інде карантинге алынған науқастар жатады. Вирустың жаңа штамдарының тіркелгеніне қарамастан, ауырғандар бұрынғы протоколмен емделе бермек. Жансақтау бөлімдері 40 пайызға толы. Бүгінде Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша оңтүстік астанадан кейінгі орында тұр. Егер ахуал ушықса, ауруханалардағы орын саны көбейтіледі.
«Қызыл» аймақтағы бас қалада карантин шектеулері өзгеріссіз. Сенбі-жексенбі күндері автобус жүрмейді, сауда орындары жабық. Ал мектептер төртінші тоқсанды онлайн бастайды. Тек 9 бен 11 сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Колледж, жоғары оқу орындары да қашықтан білім алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!