{metadescription}
Ковид-19: Halyk Arena провизорлық орталыққа қайта жасақталды  
Ковид-19: Halyk Arena провизорлық орталыққа қайта жасақталды  

Ковид-19: Halyk Arena провизорлық орталыққа қайта жасақталды  

«Қызыл аймаққа» енген өңірлер бесеу болды. Қауіпті тізімді Ақтөбе облысы толықтырды. Аталған аймақта  вирустың тез таралуына британдық штамның кесірі тиді жергілікті санитар мамандар қауіпсіздік шарасын күшейтіп жатыр.

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалдың ушыққаны соншалық, Halyk Arena спорт кешеніндегі провизорлық орталық науқастарды қайта  қабылдай бастады. Өйткені қаладағы бірінші эшелонға жататын аурухана төсектерінің 80 пайызы науқасқа толып кеткен. Ал соңғы бір тәулікте  мың 663 жерлесімізден қауіпті індет анықталып, Алматыдағы аумағы атшаптырым Halyk Arena спорт кешеніндегі провизорлық орталық  былтыр тамыз айынан бері жұмысын тоқтатқан еді. Енді кешеден бастап госпиталь науқастарды қайта қабылдауға көшті. Мың адамға арналған төсек-орны бар орталықта қазір індет дендеген 18 сырқат жатыр. Көбісі жедел жәрдем көлігімен осында жеткізілген.  

Дәрігерлер Halyk Arena-ғы науқастардың жағдайы орташа деңгейде дегенімен, кейбірінің өкпесі 30-35 пайызға зақымданған. Ал қалада вирус жұқтырған 5 мыңнан астам  адамға шақталған төсек-орын үш деңгейге бөлінген. Бірінші кезекте тұрған ауруханалардағы орынның 80 пайызы науқастарға толыпты. Қалған екінші және үшінші деңгейдегі медициналық мекемелерде жатқан сырқаттар саны 50 пайызға жетпеген. Ал мамандар Halyk Arena-дағы қосымша орталықтың ашылуынан үрейленген тұрғындарға мәселенің мәнісін былай түсіндіруге тырысты.  

Светлана Сұлтанғазиева, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі:

- Бірінші эшелонға қаладағы іргелі инфекциялық клиникалар енген. Олардың материалдық-техникалық базасы өте мықты, мамандар құрамы жақсы. Осы орталықтарда жүктеме көбейіп науқастырдың саны 80 пайызға жетті. Ал екінші деңгейдегі ауруханаларға жағдайы орташа деңгейдегі науқастарды жібереміз. Halyk Arena-ғы госпиталь осы санатқа жатады. Соңғы күндері жағдайы ауыр және орташа науқастардың қатары көбейді. Сол себепті қосымша орталықты ашуға мәжбүр болдық.

Ахуал ушыққан Алматы халқы әлі талай әбігерге түсетін түрі бар. Өйткені бұған дейін көңіл көтеретін және қоғамдық тамақтану орындарда карантин талаптарының сақталуы тексерілсе, енді мониторингтік топтар көшедегі автобустарды аралап, бетпердесіз мінгендерге шетінен айыппұл салады. Тіпті жүргізушілерге бетпердесіз  жолаушыларды ішке кіргізбеу, егер жолаушы ескертуді елемеген жағдайда түсіріп кету туралы тапсырма беріліпті. Алайда жүргізуші көлігін тізгіндей ме, әлде мінген әрбір жолаушыны бақылап отыра ма, ол жағын жауапты мекеме өкілдері түсіндірген жоқ.

Вирус жұқтыру дерегі бойынша көш бастаған Алматыда өткен тәулікте 526 адамнан індет анықталды. Қалада 2 мың 793 адам аурухана төсегіне таңылған. Оның ішінде 109 бала бар. Ал 46 науқастың жағдайы ас ауыр дейді дәрігерлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде