{metadescription}
Тбилисиде Владимир Познердің жегенін желкесінен шығарды
Тбилисиде Владимир Познердің жегенін желкесінен шығарды

Тбилисиде Владимир Познердің жегенін желкесінен шығарды

Жегенін желкесінен шығарды. Тбилисиде Владимир Познер кешкі асын ішіп отырған қонақ үйдің қасында аяқ астынан қарсылық акциясы басталып кетті.

Белсенділер ресейлік журналистің бір кездері Абхазияны бөлек мемлекет деп, Грузияның тұтастығын мойындамайтын ойы үшін оны айыптады.

Грузияның бұқаралық ақпарат құралдары Познердің 1-сәуірде туған күнін тойлауға достарымен Тбилисиге арнайы келгенін айтады. Қонақ үйдің қасында наразылық танытушылар көбейген соң, полицейлер жетті. Владимир Познер жайғасқан қонақ үйге белсенділер жұмыртқа атып, ресейлік журналистің Грузиядан кетуін талап етті.

Познер достарымен карантин талаптарын бұзып, шекті уақыттан кейін дастарханда отырған. Қонақ үй мейрамханасына сол үшін 3 мың доллар айыппұл салынды. 87 жасын тойламақ болған журналист шұғыл Ресейге қайтуға мәжбүр болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде